Жексенбі, 23.02.2020, 03:26
Дипломдық жұмыстар
Меню
Жарнама

Іздеу
Кіру формасы
Логин:
Құпия сөз:
Басты бет » Материалдар » Жалпы материалдар

HTML форматындағы анықтама жүйесін құру

Visual Basic 6 құрамына WinHelp үшін қосымшаға арналған анықтама жүйесін құра алатын Help Workshop секілді HTML Help Workshop қосымшасы кіреді. HTML форматындағы анықтама жүйесін құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Анықтама жүйесінің тақарыптарын беріңіз, әрбір тақырыпты жеке-жеке HTML-файлында сақтаңыз. Бұл файлдарды кез-келген HTML редакторында құруға болады, мысалы Microsoft Word.

2. HTML Help Workshop жүктеңіз де анықтама жүйесінің жаңа жобасын құрыңыз. Жоба шеберінің көмегімен жобаға алдында құрылған тақырыба бар файлдарды қосыңыз. Жоба қасиеттерін анықтаңыз.

Ескертпе

Егер сізде WinHelp форматындағы анықтама жүйесінің жобасы бар болса, онда шебердің көмегімен HTML форматындағы жобаға айналдыруға болады.

3. Әрбір тақырыпқа бүркеншік ат беріңіз.

4. Тақырыптың бүркеншік атымен және оған сәйкес бүтін мәнді индексті тақырып арасындағы байланысты беретін мазмұнды файл құрыңыз.

5.  Анықтама жүйесінен тақырыптарды іздейтін кілттер құрыңыз.

6.  Жобаның барлық файлдарын сақтап, оған компилияция жасаңыз.

7. Visual Basic’тің қасиеттер терезесінде құрып жатқан қосымшада анықтама жүйесінің (chm кеңейтпесімен) файлын көрсетіңіз.

8. Қосымшада анықтама жүйесінің тақырыбымен байланысқан әрбір объектісіне HelpContextID қасиетіне бектіңіз.

HTML Help Workshop терезесі

HTML Help Workshop программасының терезесі екі бөліктен тұрады.  Сол жақ бөлігінде Project (Жоба), Contents (Мазмұн), Index (Көрсеткіш) және Help (Көмек) бөлімдері орналасқан. Әрбір бөлімнің сол жағында сәйкес саймандар тақтасы орналасқан.

Терезенің оң жақ бөлігінде анықтама жүйесінің  таңдалған тақырыпқа сәйкес файлдың HTML түріндегі мазмұнын оқуға болады. Сіз тек бұл файлды оқып қана қоймай оны Tags (Тэгтер) менюінің және саймандар тақтасының командаларымен өңдеуіңізге болады.

HTML Help Workshop тақырыбы бар файлдарды Web-браузерде қарауға мүмкіндік береді. Ол үшін [Files] қатарындағы қажет файлды таңдап, Display in Browser (Браузерде көрсету) батырмасын басыңыз.

Анықтама жүйесі жобасының параметрлерін анықтау

Жоба параметрлері Project  бөлімінің [Options] қатарында анықталады. Оларды өзгерту үшін бөлімнің саймандар тақтасындағы Change Project Options (Жоба параметрлерін өзгерту)  батырмасын басыңыз. General (Ортақ), Files (Файлдар), Compiler (Компилятор) және Merge Files (Бірігетін файлдар) бөлімдерінен тұратын Options сұхбат терезесі ашылады.

General бөлімінде сіз:

  • анықтама жүйесінің тақырыбын;
  • файл тақырыбы мен анықтама жүйесі ашылған кезде таңдалатын терезені;
  • анықтама жүйесінің тілін анықтай аласыз.

Files бөлімін анықтама жүйесі файлдарының орналасуын және де мазмұн және көрсеткіштер сақталған файлдарды көрсету үшін  пайдалануға болады. Compiler бөлімінде анықтама жүйесін компиляциялаған кездегі параметрлері беріледі.

Тақырыптардың бүркеншік аттарын анықтау

Анықтама жүйесін қосымшада пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін сіз әрбір тақырыптың бүркеншік атын анықтауыңыз керек. Ол үшін  Project  бөлімінің саймандар тақтасындағы HtmlHelp API information батырмасын басу арқылы осы аттас сұхбат терезені ашып Alias бөліміне көшіңіз.

Add (Қосу) батырмасын басып, Alias (Бүркеншік ат)  сұхбат терезесінде бүркеншік атты және оған байланысты файл атын енгізгеннен кейін анықтама жүйесіне жаңа бүркеншік ат қосылады.

Тақырыптың бүркеншік аты мен индексі арасындағы байланысты анықтау

Анықтама жүйесінің белгілі бір тақырыпты ашу үшін тақырыптың индексі пайдаланылады.  Тақырыптың бүркеншік аты мен индексі арасындағы байланыс жеке текстік файлда бекітіледі. Онда сіз контексті шақыру болатын барлық идентификаторды жазуыңыз керек.  Бұл файл #Define кілттік қатары және бос орынмен бөлінген идентификатор мен тақырып индексінен тұрады. Мысал төменде келтірілген:

#Define IDH_CUSTOMER 3

#Define IDH_GOODS 4

Байланыс файлын құрғаннан кейін сіз оны жоба файлымен байланыстыруыңыз керек. Ол үшін HtmlHelp API information сұхбат терезесінде Map бөліміне көшіңіз де оны тізімге қосыңыз.

Анықтама жүйесінің мазмұнын құру

Анықтама жүйесінің мазмұнын иерархиялық түрінде құру үшін Contents (Мазмұн) бөлімшесіне көшіңіз. Анықтама жүйесінің мазмұндар аумағында анықтама жүйесінің тақырыбына жасалған сілтемеге қарамай сіз әртүрлі деңгейдегі ішіне салынған тақырыптар қоса аласыз.

Анықтама жүйесінің тақырыбының сілтемесі қатарын немесе тақырып қосу үшін оған сәйкес Insert a heading (Тақырып қосу) немесе Insert a page (Прақаша қосу) батырмаларын басыңыз. Table of Contents Entry  сұхбат терезесі ашылады. Оған анықтама жүйесінің тақырыбының сілтемесі және мазмұн қатарын енгізіңіз.

Сіз көпдеңгейлі анықтама жүйесінің мазмұнын құруыңызға болады. Мазмұн деңгейін өзгерту үшін Move selection right (Оңға қозғау) и Move selection left (Солға қозғау) батырмаларын пайдаланыңыз.

Тақырыптарды іздеуге арналған кілттер құру

Тақырыптарды іздеуге арналған кілттер құру үшін Index (Көрсеткіш) бөліміне ауысыңыз. Бұл бөлімнің саймандар панелін пайдалана отырып оның көмегмен сіз жаңа кілт құрып, оны өзгертіп не алып тастауыңызға болады.

Жаңа кілт қосу үшін Insert a keyword (Кілт қосу) батырмасын басыңыз. Index Entry сұхбат терезесі ашылады. Онда Keyword (Кілт) өрісінде кілттің мәнін енгізіңіз, сонан соң Add(Қосу) батырмасын басып  Files/URLs and their information types тізімінен алдында құрылған анықтама жүйеісінің тақырыптарын қосыңыз. Тақырыптарды өзгерту үшін Edit (Өзгерту) батырмасын пайдаланыңыз, ал алып тастау Remove (Алып тасау) батырмасының көмегімен жүзеге асады.

Анықтама жүйесін компиляциялау және тестілеу

Сіз анықтама жүйесін дайындағаннан кейін оны сақтап және компилияциялау керек. Project  бөліміндегі  саймандар тақтасындағы  Save project, contents and index files батырмасын пайдалана отырып, жоба, мазмұн және көрсеткіш файлдарын сақтауға болады.   Құрылған жобаны компилияциялау үшін HTML Help Workshop саймандар тақтасындағы Compile HTML file (HTML-файлын компилияциялау)батырмасын басыңыз.

Құрылған анықтама жүйесінің файлын қарау үшін View compiled file (Компилияцияланған файлды қарау) батырмасын басыңыз.




Категория: Жалпы материалдар | Мерзімі (01.11.2009)
Қаралды: 4307 | Рейтинг: 3.6/5
Пікірлер саны: 0
Пікірді тек тіркелген пайдаланушылар ғана жаза алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Статистика

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0