Жексенбі, 23.02.2020, 03:09
Дипломдық жұмыстар
Меню
Жарнама

Іздеу
Кіру формасы
Логин:
Құпия сөз:
Басты бет » Материалдар » Жалпы материалдар

Visual Basic программалау ортасы

Программалау – адамның ЭЕМ-мен  қарым – қатынас жасау құралдарының бірі. Ол дайын программаларды қолданудан ерекше. Біріншіден ондай программалар қолданушы сұранысын әр уақытта қанағаттандыра алмайды. Сондықтан қандай да бір нақты есепті шешуге арналған программа құру қажеттілігі туындайды.  

Осындай мағынада Visual Basic программалау ортасы  Windows операциялық жүйесі үшін программалық қамтамасыз етуді құруға арналған универсал құралдарының бірі ьолып табылады. Және де, олардың ауырлық деңгейі қарапайым қосымшалардан мәліметтер қорын өңдеуге арналған күрделі программаларға дейін өзгеріп отыруы мүмкін.

Әрі қарай визуальді программалау тілінің көмегімен қалай программа құруға болатындығы туралы сөз болады.

бөлігін қолданушының графиктік интерфейсі деп атайды.

Динамикалық құрылымды мәндер (ДҚМ) 

VBA тілінің негізгі бөлігі – Collection класы динамикалық құрылымды мәндермен жұмысты жеңілдетеді, яғни әр түрлі типті мәндерді және тиімді құрылған қасиеттер мен әдістерді жинақтау арқылы жүзеге асырылады.

VBA-дағы коллекция – әр түрлі типті реттелген элементтер жиынтығы. Коллекцияның массивтен айырмашылығы осында. Барлық элементтері индикстелген. Коллекцияның өлшемі алдын-ала анықталмайды және динамикалық түрде өзгеруі мүмкін. Коллекциядағы кез-келген элемент жойылуы мүмкін және элементтер қайта нөмірленеді де индекстер тізбегі үзілмейді. Жаңа элемент коллекцияның  кез-келген жеріне қойылуы мүмкін. 

Collection класының Count қасиеті элементтерінің санын, ал әдістері:

· Add әдісі – коллекцияға элементті қосады;

· Remove әдісі – коллекциядан элементті жою;

· Item әдісі – берілген мән бойынша элементтің мәнін береді.

Берілген мән ретінде элементтің индексі аталады.

Қолданушының графиктік интерфейсін құру 

Графиктік интерфейсті құруды бір қосымша негізінде түсіндірейік. Ол саймандар тақтасында орналасқан екі басқару элементтерінің көмегімен құрылады: «батырма» және «тексттік өріс». 

Графиктік интерфейсті құру үшін қажетті басқару элементтерін формаға орналастыру қажет. Ол үшін :

·   Тышқанның курсор көрсеткішін саймандар тақтасында таңдалатын элемент пиктограммасына орналастыру керек (мысалы «батырма» - оң жақ бағандағы жоғарыдан үшінші компонент);

·   Таңдалған пиктограмманы екі рет шерту нәтижесінде форма терезесінде  "батырма” элементі пайда болады;

·   Тышқан көрсеткішін форма терезесіне апару. Көрсеткіш форма терезесіндегі батырма үстінде болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып форманың қажетті жеріне жылжытуға болады;

·  Формаға тағы бір "батырма” қосу үшін, саймандар тақтасына барып, CommandButton  (Командалық батырма) пиктограммасын екі рет шерту керек. Формада тағы бір «батырма» пайда болады. Келесі батырманы орналастырмас бұрын, бірінші батырманы орма центрінен шетіне қарай жылжыту керек. Әйтпесе, екінші батырма мүлдем көрінбей қалады;

·  Осылайша формаға "тексттік өріс” (TextBox) элементін орналастыруға болады.

Форманың өзі сияқты, онда орналасқан барлық компоненттер бірқатар қасиеттерге ие. Конструкциялау барысында  олардың кез келгенін қолдануға болады. Бұл үшін Visual Basic ортасында Properties (қасиеттер) терезесі қарастырылған. Ол экранның оң жақ төменгі бөлігінде орналасады. Оны ашу арқылы форма компоненттерінің аттарын (идентификаторын) көруге болады. Программист олардың кез келгенін таңдау арқылы компоненттің барлық қасиеттерін пайдалана алады. Ортақ қасиеттердің жиі кездесетіндері кесте түрінде берілген: 

Қасиеті

Тип мәні

Сипаттамасы

Left

Integer(бүтін)

Форманың сол жақ шетіне қатысты басқару элементінің позициясы

Top

Integer(бүтін)

Форманың жоғарғы шетіне қатысты басқару элементінің позициясы

Height

Integer(бүтін)

Басқару элементінің биіктігі

Width

Integer(бүтін)

Басқару элементінің ені

Name

String          (жолдық)

Программада басқару элементіне сілтеме жасау үшін қолданылатын атау 

Enabled

Boolean (логикалық)

Басқару элементінің алынуы                

Visible

Boolean (логикалық)

Программаның орындалуы барысында басқару элементінің экранда көріну   күйін анықтайды.                

Бұл қасиеттерден басқа әрбір элемент өзіне ғана тән қасиеттерге ие. Конструкциялау барысында оларды өзгерте отырып, программист элементтің жалпы түрін бақылай алады.

Қасиеттерді қолдану Visual Basic-тегі визуальді программалаудың маңызды сатысы болып табылады. Программаның орындалуы барысында басқару элементтерінің қасиеттерін қолдану тәсілдері бесінші пунктте қарастырылады.

Сонымен қолданушының графиктік интерфейсі құрылды. Осыдан кейін программаны орындауға  жіберуге болады. 

Программаны жүктеу 

Программаны жүктеу үшін Run менюінен  Start командасын таңдауға немесе <F5> пернесін басуға болады. 

Программаның орындалуы кезінде программалау  ортасының кейбір элементтері экранда көрінбей қалады. Сонымен қатар форма түрі де өзгереді. Конструкциялау (проектілеу) барысында ол нуктелік тормен қапталған. Ал, орындалу кезінде форма кәдімгі Windows – терезесіне айналады. Онда сондай типті терезелерге тән атрибуттар орналасады. Бұған формадағы батырмаларды шертіп немесе тексттік курсорды TextBox  өрісіне орналастыру арқылы көз  жеткізуге болады. 

Құрылған программа Windows қосымшасы болғанымен, ол ешқандай қызмет атқармайды. Яғни графиктік интерфейс программаның функционалдылығын  қамтамасыз етпейді. Ол үшін оған программа коды қосылуы керек.

Программаға код  қосу 

Программалық код тек проектілеу режимінде ғана қосылуы мүмкін. Егер программа орындауға жіберіліп қойса, кодты қосу алдында оны тоқтату керек. Бұны Run менюінен End командасын таңдау арқылы немесе орындалудағы программа терезесін басқа тәсілмен(мвсалы, оның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «х» белгісін шерту) жабу арқылы жүзеге асыруға болады. 

Код – бұл Visual Basic программалау тілінде жазылған инструкциялар тізімі. Олар программаның қолданушының қандай да бір әрекетіне жауап беру сипатын анықтайды. Яғни код бұл программаның қандай да бір визуальді компонентінің жағдайына реакциясы болып табылады. Әрбір осындай жағдай белгілі ьір атауға ие. Және де жағдайлар тізімі формада орналасқан  элементтерге немесе фйорманың өзіне тәуелді. Мысалы, қолданушы тышқанмен Command1 батырмасын шерткенде Command1_Click жағдайы, ал форманың жүктелуі кезінде Form_load жағдайы пайда болады. 

Visual Basic – те программалау басқа программалау тілдеріне, мысалы С және С++ қарағанда күрделі  емес. Сонымен, программаға кодты кодты қосу үшін форма терезесінен код терезесіне ауысу қажет. Ол үшін проект (Project) терезесіндегі сол жақтан бірінші View Code пиктограммасын шерту жеткілікті. Одан кейінгі (View Object) пиктограмманы щерту керісінше код терезесінен  конструкциялау терезесіне көшуге мүмкіндік береді. 

Программаның код терезесінің негізгі бөліктерін қарастырайық. Тақырып жолағынан кейін тізімі бар екі өріс орналасқан. Біріншісінде формада орналасқан барлық компоненттердің аттары  және форма аты болады. Кез келгенін таңдағанннан кейін оң жақ тізімде мүмкін болатын жағдайлардың аттары бейнеленеді. Қандай да бір жағдайды сипаттау алдында тізімнен  оның атын таңдау керек. Осыдан кейін Visual Basic  жағдайды өңдеу процедурасын құрады. Мысалы, егер қарастырылып отырған мысалда Command1 батырмасы үшін Click жағдайын таңдасақ, онда программа коды терезесінің жұмысшы бөлігінде төмендегідей дайындық пайда болады:

Private Sub Commsnd1_Click()

End Sub

Бірінші жол процедура аты. Ал, соңғы жол End Sub оның соңын білдіреді. Бұл сатыда программистің жұмысы осы екі жолдың арасын.а программа кодын қосу болып табылады. Код Visual Basic-тің бір немесе бірнеше операторынан тұруы мүмкін. Бұл операторлар программаның орындалуы барысында Command1 атты батырмасының басылу жағдайы жүзеге асырылғанда орындалады. Мысалы, батырманы басқанда Text1 тексттік өрісінде «Бәріне сәлем!» жазуы пайда болуы үшін, қарастырылып отырған жағдайдың өңдеу кодына келесі түрдегі операторды жазу керек:

Text1.Text=«Бәріне сәлем!»  

Осылайша формадағы Command2   батырмасының  басылу жағдайының өңделу  кодын құруға болады. Мысалы,

Private Sub Command1_Click ( )

Text1.Text= «Сау болыңыз!»

End Sub

Бұл жағдайда программа жүктелгеннен кейін  Command2 батырмасын басқанда тексттік өрісте  «Сау болыңыз!» жазуы пайда болады.

Программаны дискіде сақтау 

Кез-келген ақпарат сияқты, Visual Basic тіліндегі қосымша дискіде сақталуын талап етеді. Әрбір проект үшін дербес  папка құрған дұрыс. Бұл жағдайда проектке кіретін файлдарға ерекше ат беру қажеттілігі жоқ. Сақтау барысында проектке кіретін форма аттары мен проекттің файл аты ғана сұралады. Оларды Visual Basic ортасы ұсынатын аттармен сақтауға болады: Form1, Form2, … және Project1.




Категория: Жалпы материалдар | Мерзімі (01.11.2009)
Қаралды: 16854 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.4/28
Пікірлер саны: 2
2 123123 (26.11.2014 01:05) [Материал]
Бразилияның ауыл шаруашылығы туралы реферат

http://referat700.ru/load/referaty/agronomija/brazilijany_auyl_sharuashyly_y/36-1-0-260

1 aliya-sweet (22.02.2010 13:14) [Материал]
мен мына мәліметті көшіре алмаймын ба?(((

Пікірді тек тіркелген пайдаланушылар ғана жаза алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Статистика

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0