Интернетте ақша табудың кең таралған түрі арнайы файлалмасу сайттарында өзіңіздің файлдарыңызды сақтау. Егер сізде қызықты файлдар болса, онда сол файл арқылы ақша табуға болады. Қалай? Алдымен файлыңызды файлалмасу сайтына орналастырасыз. Олар көп. Бірақ Қазақстаннан көшіру көбісінде есептелмейді. Ең ыңғайлысы turbobit сайты. Осы сайтқа тіркелесіз. Файлыңызды осы сайтқа саласыз. Содан кейін жаңағы файлға сізге осы сайт сілтеме береді. Файлыңызға жақсы көркем сурет тауып аласыз. Содан кейін оған сипаттама жазасыз. Содан кейін сол файлыңызды бір сайтқа орналастырасыз. Мысалы http://www.softzone.kz/ сайтына тіркеліп, өзіңіздің файлдарыңызды осында қосуға болады. Ол тіпті де қиын емес. Ақша есептеу жолдары. Егер сіздің файлыңызды 1000 рет көшірсе, онда сізге файлыңыздың көлеміне қарай ақша береді. Есептеу түрі келесі кестеде берілген. Тариф turbobit сайтыныкі. Айтпақшы, осы файлалмасу сайтында басқа конкуренттеріне қарағанда Қазақстандық трафикті (көшіруді) есептегеннен бөлек, ақшаны көбірек береді.
Мысалы мына программа менің осы сайтқа орналастырған файлым. Тек кемшілігі, файл басқа файлалмасу сайтында орналасқан. Ол ақша төлемейді. Тек мысал үшін қойдым.