Мекемелерді басқару мен шаруашылықты жүргізу (экономика) дәл ғылымға айналып келеді. Экономикалық және басқару тәжірибелерінде көптеген есептер элементар математика көмегімен шешіледі. XX ғасырдың ортасында әр түрлі елдердің ғалымдарының еңбектенуімен, математика саласында табиғаты әр түрлі күрделі жүйелерді басқару туралы ғылым ашылды. Ол кибернетика (грек тілінен аударған – "басқару шеберлігі (искусство)” дегенді білдіреді) деген атқа ие болды. Бұл салада американ математигі Норберт Винер, Ресейдің академиктері А.И.Берг, А.Н.Калмагоров, В.И.Глушков және т.б. көп еңбек сіңірді. Академик А.И.Берг «Кибернетика – бұл күрделі жүйелерді тиімді және мақсатты басқару туралы ғылым» деп жазды. Жүйелер теориясының негізгі жалпы идеясы – бұл табиғаты әр түрлі кез-келген жүйе үшін математиканың нақты тілінде сипатталатын жалпы заңдылықтардың орын алуы (существуют). Жүйелер теориясында қолданылатын әдістер «жүйелік анализ» деген атқа ие болды. Бұл анализ мақсатты басқару, жобалау, қаржыландырудың және басқа да маңызды процестердің математикалық моделін тұрғызуға және маңызды теоретикалық, тәжірибелік нәтижелер алуға мүмкіндік берді. Жүйелерді зерттеудің негізгі әдісі – модельдеу әдісі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күрделі экономикалық және басқару есептерін шешуге арналған әдістерді қамтитын қолданбалы математиканың жаңа бір саласы «амалдарды зерттеу әдістері» деп аталатын сала пайда болды.
Амалдарды зерттеу әдістерінің экономикалық іс-әрекеттерге қолданылуы экономикалық-математикалық әдістер деп аталды.
Көшіру  |